583 млн теңге жымқырған 14 шенеунікке сот үкімі шықты

2 517

Фото: из открытых источниковБілім саласында 583 млн теңге жымқырған 14 шенеунік түрмеге қамалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бәйдібек аудандық білім бөлімінің қызметкерлері - басшылар, есепшілер мен экономистер 49 мектепте жалақыға арналған өтінімдерді қолдан асыра көрсету арқылы бюджет қаржысын жымқырған. Қылмыстық схемаға барлығы 18 қызметкер қатысқандығы анықталған.
Тергеу дерегінше, бухгалтерлер электронды жүйелерге жалған мәлімет енгізіп отырған.

Ал басқа қызметкерлер  бұйрықтар, қызметтік жазбалар, есеп айырысу мен жұмыс уақыты табельдерін рәсімдеп, бәрін заңды етіп көрсетуге тырысқан. Осылайша 583 млн теңге ұрланған.

Сот үкімімен 14 қызыметкер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Тағы төрт қызметкерге амнистия қолданылған.