Астанада ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?

2 527

Фото: ©Аlem.aiБиыл Астанада Жасанды интеллект университеті ашылады. Жаңа оқу орны ЭКСПО қалашығында орналасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі алғашқы ЖИ университет Alem.АІ (ЭКСПО) базасында орналасады. Жаңа жоғарғы оқу орны 1500 студентке лайықталған. Студенттер ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымына, соның ішінде alem.cloud, AlemLLM және Astana Hub ресурстарына қол жеткізе алады.

«ЖИ университеті 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап магистратура бағдарламасы бойынша  оқытуды жоспарлап отыр. Бакалавриат және докторантура бағдарламаларын ашу мәселесі қосымша пысықталады», дейді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметінше, университет шетелдік студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр. Осы бағытта көптілді оқыту жүйесін, шәкіртақымен қолдау бағдарламаларын және шетелдік талапкерлерге арналған кәсіби бағдар беру қызметін қамтыған.

«Кадрларды даярлау жасанды интеллект, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, AI+X және басқа да сабақтас бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларында қолдануға бағдарланады», дейді министрлік.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру бағдарламаларының дамуы мен білім алушылар контингентінің ұлғаюын ескере отырып, кезең-кезеңімен қалыптастырылады. Осы мақсатта отандық және шетелдік оқытушыларды, визит-профессорларды, сондай-ақ халықаралық академиялық және кәсіби тәжірибесі бар мамандарды тарту жоспарланған. Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда университетке нақты мемлекеттік грант бөлінген жоқ. Тегін оқу тек серіктестік келісімдер мен демеушілік гранттар шеңберінде қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.