Студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі

2 586

egemen.kzАшық нормативтік-құқықтық актілердің жобалары порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Онда шәкіртақы 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өсетіні, 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап тағы да арта түсетіні көрсетілген. Осылайша, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
  • интерндер – 85 376 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге стипендия алады деп жоспарланып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.