№1 тау-кен мектебі Қазақстанда өз филиалын ашады

2 652

Фото: gov.kzҚазақстанда 2026 жылы әлемге танымал Colorado School of Mines университетінің алғашқы шетелдік филиалы ашылмақ. Оқу орны тау-кен ісі мен инженерия саласына маманданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын Қазақстанға тарту бойынша жүргізілген жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Colorado School of Mines университеті арасында аталған оқу орнының филиалын Қазақстанда ашу туралы келісімге қол қойылды.

Филиал Қазақстанның геология саласының жүрегі саналатын Жезқазған қаласында, құрылып жатқан Ұлытау техникалық университетінің базасында ашылады. Бұл университет тау-кен-металлургия саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын болады. Ұлытау техникалық университетінің аумағы 20 гектарды құрайды, оқыту толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі және бакалавриаттың 4 негізгі мамандығы бойынша жүзеге асырылады:

  • Тау-кен ісі;
  • Геология және барлау;
  • Геофизикалық инженерия;
  • Мұнай инженериясы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.