Еліміздің талапкерлеріне білім гранты сараланған тәртіппен берілмек

570

Елімізде талапкерлерге оқу гранттары сараланған жүйе бойынша берілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрлік гранттарды сараланған тәртіппен беру жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, жалпы білім беру тапсырысындағы гранттар «Базалық», «Дарын» және «Қамқор» болып бөлінеді.


Сараланған грант түрлері мынадай арақатынаста беріледі:

  • базалық гранттардың жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50%;
  • «Дарын» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10% аспайды;
  • «Қамқор» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30% құрайды.


Бұл ретте министрлік енгізілгелі отырған сараланған білім беру грантына қатысты түсініктеме берген.


Құжат 21 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.