Ауыл мектептеріне көмір уақытылы жеткізілмей отыр
321
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданындағы мектептің жылуын тексеріп қайтты - деп хабарлайды Opennews.kz агенттігі.
Әлеуметтік желілердің бірінде Павлодар облысында оқу орталықтардың бірінде жылуы нашар деген ақпараттар тарады. Бұл жөнінде облыс әкімі арнайы іс-сапармен барып келді. Бүгінде 40 тонна көмір қабылданып, температуралық режимді қалпына келтіруге кірісті.
Өңір басшысы оқу орнының бірнеше кабинеттері мен спорт залын аралап шықты. Ақпанның 21-і күні таңертең мектеп аумағында ауа температурасы 15 градусты құрады. Білім ошағының әкімшілігі сол күні мектеп ішіндегі температуралық режимді оңтайлы деңгейге жеткіземіз деп сендірді.
- Өткен аптаның басынан бері көмір жеткізушімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.
- Көмір жеткізушімен соттасып жатқанда, балалар тоңып жүр. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың ешқайсысы бұл мәселені білім басқармасына да, облыс әкімдігіне де хабарламаған. Неге бәрі үнсіз отырған? Көмір өндіретін аймақта тұрып, көмірмен қамтамасыз ету мәселесін тезірек шешіп, балаларды назардан тыс қалдырмас едік қой. Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының басшысы Қаршыға Арыновқа және білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар, білім ошағындағы болған жағдайға байланысты басқа да кінәлі лауазымды тұлғаларға да шешім қабылдауды тапсырды.

– Ол қатты отынды жұма күні жеткіземіз деп уәде берген, бірақ өтінішті орындамады. Бізге бөлмелерді қолда бар көмір қалдықтарымен жылытуға тура келді. Белгілі болғандай, көмір жеткізушімен бір айдан астам уақыт бойы сот процесі жүріп жатыр. Бұл ретте облыс деңгейінде білім ошағының салқын болу қаупі бар екені ешкімге ескертілмеген. - Бұл мектепте қалыптасқан жағдай бюрократия мен немқұрайдылықтың үлгісі болып табылады, - деді Павлодар облысының әкімі.