Мектеп оқушылары қалауы бойынша қашықтан оқи ала ма?

681
Оқушылар ата-ана қалауымен онлайн-оқуда қала алмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-да өткен тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-ана баласын дәстүрлі форматқа ауыстырмай, онлайн режимде оқытуға мүмкіндігі бар ма?", - деп сұрақ қойылды министрге.

"Жоқ, оқушылар дәстүрлі форматта оқиды деп шешім қабылданды. Көп студент, мүмкіндік болса мүлде оқығысы келмейді, диплом алғысы келмейді, сонымен қатар сабаққа да келмейді. Менің ойымша, басым көпшілік дәстүрлі білім берудің қажет екенін түсінеді. Сарапшылар, ата-ана мен мұғалімдер дәстүрлі білім беру қашықтан оқытуға қарағанда әлде қайда тиімді екенін, екеуі бір-бірене ешқашан тең бола алмайтынын түсінді", - деп жауап берді Аймағамбетов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.