Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты

1 313

Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейінің оқушысы Роза Садық математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты, - деп хабарлайды ақпарат агенттігі.


Зерттеу жұмысының нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза Садық пен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына куәлік берілді. Аталмыш кесте «Роза - өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.


Жас өнертапқыш Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейінде білім алады. Бұл жаңалық «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылды. Аталмыш байқауда оған гран-при берілді.


«Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану болып табылады. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», - деді жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.


Айта кетсек, білім бәсекесінде қызылордалық оқушының еңбегі 600-ге жуық қатысушының арасынан озық шықты.