"Жоғары сынып оқушылары аттестатпен бірге колледж дипломын қатар ала алады" - министр

375
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім берудегі маңызды өзгерістерді атады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Техникалық және кәсіптік білім беруде колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жобаны іске қосамыз. Бұл оқуды аяқтағаннан кейін оқушыларға мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алуға және еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді, - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, биылғы жылдан бастап, басқа қаладан келген студенттерге растайтын құжаттарсыз демалыс уақытында жол жүру үшін өтемақы (4 АЕК) төленетін болады.

Сонымен бірге, колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша біліктілігін арттырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.