Жастардан – жаңа идеялар: Қызылордада IT жобалар жарысы өтті

2 275

Фото: NIS мектебіСыр өңірінде өткен Kyzylorda Idea Battle инновациялық идеялар байқауында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік және маркетинг салалары бойынша 11 IT-жобасын таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнертапқыш өрендер қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы әлеуметтік және тәжірибелік мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Ең ерекше марапат – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын Ерасыл Айдарбек иеленді. Оның «Remotion» жобасы – инсульттан кейін қолдың ұсақ моторикасын ойын арқылы қалпына келтіретін портативті құрылғы. Бұл шешім ауылдық өңірлерге қолжетімді әрі тиімді медициналық құрылғы ретінде жоғары бағаланды. 

Kyzylorda Idea Battle байқауы өңірдің жастар стартап-экожүйесін дамытуға және идеялармен алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.