Педагогикалық қолдау орталықтарында 140 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді
Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істей бастады. Бұл бастама Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқу жылының басынан бері 3,7 млн қазақстандық ата-ананы қатыстыра отырып, 40 мыңнан астам оқу-жатығу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ орталықтарда дәстүр мен құндылықтарды сақтауға негізделген «Даналық мектебі» клубы жұмыс істейді, бұл отбасы институтын нығайтуға, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жақсартуға, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді.
Орталықтарда ата-аналар балаларының сынып жетекшілерінен көмек пен кеңес сұрай алады, бұл білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және білім беру ұйымы мен отбасы арасында ынтымақтастық орнатады.