Президент стипендиясы қай оқу орындарына беріледі

555
Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы бұйрығы жарияланды. Республика бойынша бөлінген Президент стипендиясының жиынтық саны – 926. Оның 919-ы студенттерге, жетеуі магистранттарға бөлінген. Стипендия елдегі 35 оқу орнына үлестіріліп отыр. Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 105, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне – 100, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – 75, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университетіне – 67, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне 55 стипендиядан берілген. Стиендиялардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.