90-ға жуық бала мектепке тасымалданбай келген
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы талдау жүргізу нәтижесінде аудан әкімдігінің алыс елді мекендерде тұратын балаларды мектепке тасымалдау тәртібін айқындамағанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес аудандардың әкімдіктері шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi.
Қаз
Рус






