90-ға жуық бала мектепке тасымалданбай келген

2 307

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қостанай облысының Блім басқармасыБатыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы талдау жүргізу нәтижесінде аудан әкімдігінің алыс елді мекендерде тұратын балаларды мектепке тасымалдау тәртібін айқындамағанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес аудандардың әкімдіктері шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi.

 "Талдау барысында Есенсай — Жазира — Тасоба, Ақсуат — Ақбұлақ, Ақсуат — Сахарный, Талап — Әтібек, Базаршолан — Баянтөбе және басқа бағыттарда барлығы 90-ға жуық оқушының тасымалы реттелмегені белгілі болды. Прокуратураның аудан әкіміне енгізген ұсынымы негізінде тиісті қаулы қабылданды. Осылайша, мектебі жоқ елді мекендерден 88 баланың қауіпсіз тасымалына қатысты мәселе шешілді.", — деп хабарлады ведомстводан.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.