СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 11 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында биыл жаңа оқу жылына қарсы 11мыңға жуық балалар көмек алады , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, 2019 жылдан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа көшірілді, бірақ акцияның негізгі мақсаты - балаларды жаңа оқу жылына дайындау. Акция аясында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта білім басқармасының тізімінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 10838 бала бар. Оқушылар мектеп формасына, спорттық киімге мұқтаж. Былтыр акция аясында 6292 балаға көмек көрсетілді. Оқушыларға киім-кешекке, құрал-жабдыққа, сөмке алуға жалпы сомасы 83 млн 565 мың теңге жұмсалған.