Педагогтер қызметінің тиімділік рейтингі енгізіледі

2 174

Фото: Оқу-ағарту министрлігі«Ұстаз» ұлттық платформасында педагог қызметкерлердің бірыңғай деректер базасы жасақталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

"Министрлік «Ұстаз» педагогтерді үздіксіз кәсіптік дамыту ұлттық платформасын енгізді. Оның қызметі педагогтерді аттестациядан өткізу ережесімен және шарттарымен реттеледі. Биыл платформада «педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына педагогтерді аттестаттау өтеді. Сонымен қатар 2026 жылдың соңына қарай платформада толықтай кәсіптік трекингті қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің бірыңғай деректер базасы жасақталады. Мұнан бөлек, педагогтер мен білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділік рейтингін енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.", - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.