Мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, портфолио жинату мәселесі қайта қаралмақ

308

Елімізде мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Талдықорғанда ағарту саласының мамандарымен өткен жиында айтты


"Бұдан былай мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, әуреге салып портфолио жинату мәселесі қайта қарастырылады. Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады. Өйткені бұл да - жемқорлыққа итермелейтін дүниелер. Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация - мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек. Екіншіден, мұғалім қалай серитификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек", - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.


Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев "Алтын белгі" алу үшін ата-аналар түрлі қулық-сұмдыққа баратынын хабарлаған болатынбыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.