Қазақстандық ғалым сынықтарды емдейтін құрылғы ойлап тапты
433
Қазақстандық ғалымдаордың бірі сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндерін қалпына келтіреді. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растауда. «Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Алайда, емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді.
Ғалымның айтуынша, гидрогельдер сүйек тінін жасауда қаңқа ретінде қолданылады. Құрылымында олар дәнекер тінінің негізіне ұқсас, сондықтан барлық биоматериалдар арасында жасуша трансплантациясы үшін ең қолайлы.
Бүгінде ең алғашқы оталарды бағаналы жасушалар негізінде гидрогель арқылы жүргізу жоспарланып отыр. Күрделі сынықтар мен зақымдалған буындарды қалпына келтірудің бірегей технологиясы травматология мен ортопедияда көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейін арттырады деп күтілуде. Аталмыш құрылғы, Мамандандырылған ауруханалар мен ғылыми медициналық орталықтарда қолданылады.

«Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді», — деді әзірлеме авторы, Ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.