Степендия 500 мың теңгеге дейін өседі- министр

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек PhD докторанттардың стипендиясын 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңгені құрайды.

«Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есеге көтерілген. Ол жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін 500 мыңға дейін көтеретін жоспарымыз бар», - деді Нұрбек Құрылтайдағы брифингте.

Осы орайда министр жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету шараларын да еске салды.

«Соңғы үш жылдың ішінде 813 жас ғалым баспаналы болды», - деді министр.

Айта кетері, бүгінде докторанттарға ресми жұмыс істеуге де рұқсат бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.