«Болашақ» стипендиясын иеленген талапкерлердің тізімі жарияланды

2 455

172 қазақстандық талапкер «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.


Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттарды таңдаған.


Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген.


Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады.


Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.


Стипендиаттар тізімін мына сілтемеден көруге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.