Қазақстандағы кейбір аймақтарға 6 күндік оқу кестесі енгізілді

1 220

Қарағанды облысының білім ордаларына 6 күндік оқу кестесі енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


1 қыркүйекте ата-аналар мен 7-11 сынып оқушылары 6 күндік оқу кестесі енгізілгені туралы жаңалықтан хабардар етілді. Мұндай шешімді білім саласының өкілдері жоғары сынып оқушыларының сабақтарының көптігімен түсіндірді. Өткен жылы, екінші ауысымдағы оқушылардың мектептен кешкі сағат 21:00 кезінде қайтқан кездері болған.


Осыған байланысты ата-аналар тарапынан көп шағым түскен. Биыл 5 күндік оқу кестесін 6 күнге бөлуге рұқсат берілді.

«Қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар арасындағы үзілістердің ең аз уақыт лимиті бекітілді. Кестеге байланысты сабақты 08:00-де бастайтын мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар сағат 14.05-те (7 сабақ) аяқталатын. Екінші ауысым сағат 14:45-те басталатын сабақтар кешкі сағат 20:50-де (7 сабақ) аяқталатын. Өткен жылы екінші ауысымда білім алатын оқушылардың ата-аналар қауымы сабақтардың тым кеш аяқталатынына, қыс кезінде тіпті қараңғыда бітетініне наразылық білдірді. Осы себепті 7,8,9,10 және 11 сынып оқушыларының сабақтарын 6 күнге бөлу туралы шешім қабылданды. Сонда күн сайын өтетін сабақтар саны 6-ға дейін қысқарады, ал сенбі күндері тек 4 сабақ болады», - делінген хабарламада.


6 күндік оқудың төменгі сынып оқушыларына қатысы жоқ. Өйткені олардың сағаты аптасына 30-дан аспайды. Сондай-ақ 5 күндік оқу ережесі бір ауысымда білім алатын мектептерде де қалдырылды.