Алматыда IТ саласы мамандарына тегін оқытатын бағдарлама басталады

257
Тікелей эфир барысында, Техникалық жоғары оқу орнының 4 курс студенті Бақытжан Сағынтаевтан тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрады. Қала әкімі тегін оқыту бағдарламасының басталатынын мәлім етті. «Әрі қарайғы қолдау шараларына келетін болсақ, Сіз дер кезінде сұрақ қойдыңыз. Ертеңнен, 15 шілдеден бастап, біз Home Credit Bank-інде жас IТ мамандарына арналған авторлық оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламасы негізінде пилоттық жобаны бастаймыз», - деді Бақытжан Сағынтаев. Home Credit University бірге әрбір талантты адамға жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беріледі. Курс аясында «Бизнес аналитика» бағытында ORACLE (PL SQL), Power BI дерекқорларын және басқа да сұранысқа ие тетіктерді пайдалануға болады. «Тестілеу кезеңі – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 15 тамызына дейін. Оқу форматы – онлайн. Бағдарламаға экономикалық және техникалық мамандықтардың 3-4 курсының студенттері қатыса алады. Бірнеше жыл ішінде IТ таланттарын тартуға арналған экожүйе құру жоспарлануда, бұл қала деңгейінде білікті және бейімделген мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнестің тікелей коммуникациясы және білім беру кластері есебінен кадрлық ресурсты арттыру міндеті шешілетін болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.