1 студентке 912 мың теңге: кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативі қабылданды
1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Үкімет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.
Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.