Елімізде ұстаздар мерекесінің нақты күні белгіленбек

511
Қазақстанда ұстаздар күні нақты 5 қазан болып бекітілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.