Қазақстанда бір жылда 100 мыңға жуық балаға арналған 109 мектеп ашылды

36

16 желтоқсан қарсаңында елімізде 7 344 орындық 13 жаңа мектеп ашылады. Осылайша жылдың басынан бері пайдалануға берілетін 95 344 орындық жаңа мектеп саны 109 болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектеп мәселесін, сондай-ақ оқушы орны тапшылығын жүйелі шешу үшін жаңа білім нысандарын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр.


Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздерінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 


Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.


Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда.


Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.


Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.


Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.