Мектеп түлектеріне ақша жинап, банкет өткізуге тыйым салынады
Мектеп бітіретін түлектерге аттестат алған соң той-томалақ, ойын-сауық өткізуге болмайды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
24 мамыр күні еліміздің барлық мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.
2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды. Оның 186 мыңы – мектеп түлектері. Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді.
Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.