Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандық студенттердің Ресейдегі оқуын жалғастыра алатындығын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға техникалық мамандар қажет екенін және Ресейдің техникалық жоғары оқу орындары біздің студенттеріміз үшін басым бағыт болатынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл бастама туралы президенттің соңғы жолдауында айтылмады.
Министрдің сөзінше, техникалық мамандарды басымдылық беріп, даярлау тапсырмасы толыққанды жүзеге асырылуда.
“Осы жылдың мемлекеттік тапсырыспен берілген 88 мың гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға берілген. Қазақстанда ресейлік техникалық жетекші университеттердің екі филиалы ашылды. Екінші қыркүйек күні Атыраулық мұнай-газ университетінің негізінде Губкин атындағы Ресей мұнай-газ филиалы ашылды. Сондай-ақ Қазақ ұлттық университетінің негізінде Мәскеу инженерлік-физикалық университетінің филиалы пайда болды. Сол себепті біздің талапкерлерімізді Ресейге жібермей-ақ осы жақта ең мықты ресейлік инженерлік университеттер білімін беруге болады”, – деді министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл қазақстандық студенттердің Ресейге баруына шектеу қойылмаған.
“Олардың Ресейдегі оқуын жалғастыруға ешқандай да шектеу жоқ. Бірнеше мың қазақстандық студенттер Ресейде оқуларын жалғастырып жатыр. Ал ресейлік-украиналық университеттерде оқып жатқан 2500 қазақстандық студент қазақстандық ЖОО-ларға аударылды. Ал Украинадан 34 студентіміз елге келді”, – дейді министр.