612 бала тозығы жеткен мектепте оқуға мәжбүр

2 931

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым айынан бері тоқтап тұр. 600 орынға арналған білім ошағының іргетасы 2021 жылы қаланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«612 бала қазір 60 жыл бұрын салынған мектепте оқып жатыр. Кабинет жетіспейді. Жаттығу залында спортпен шұғылдануға мүмкіндік жоқ. Ата-аналар мен ұстаздардың арманы – жаңа мектепке көшу. Жаңа мектептің тезірек ашылуына жан-жақты қолдау көрсетсе екен», – дейді Төле би орта мектебінің директоры Қази Ысқақов.


«AMANAT» партиясы Алматы облысы филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев білім мекемесінің құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.