«Үздік педагог-2022» республикалық байқауы мәресіне жетті
863
«Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен «Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы республикалық кезең ерекше форматта өткізілді, конкурсқа қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған кестесі бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушылармен сабақ жүргізді.
Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, соның ішінде 3 мұғалім Шығыс Қазақстан облысынан:
Ауезов Быржан Бэкович – ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ, математика пәнінің мұғалімі;
Жанахметова Толкын Амангельдиновна – ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Чекетаева Роза Саркытбекқызы – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ, тарих пәнінің мұғалімі.
Барлық жеңімпаздарға республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды.
Байқау жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Instagram әлеуметтік желісінде:

«Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткіздік. Биыл еліміздің әр өңірінен қатысқан мектеп, балабақша және колледждің 5 491 мұғалімінің 64-і үздік атанды. Педагогтің барлығына 3 млн теңгенің сертификаттары мен төсбелгілер табыс етілді.
Биыл байқауға қатысуға 5,5 мың өтініш түсіп, рекорд орнатылды. Бұл цифрлы шешімдердің арқасында мүмкін болды.
Себебі мұғалімдер өтінішті онлайн беруге, оның қай кезеңде екенін, сарапшылардың қандай ұпай қойғанын және т.б. бақылауға мүмкіндіктер алды. Сондай-ақ жаңа формат әр мұғалімге алдын ала іріктеуден өтпей-ақ, конкурсқа қатысуға өз бетінше өтініш беруге мүмкіндік берді. Бұл шаралар ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін қажет болды.
Онымен қоса биыл мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Олар да байқау аясында бағаланды.
Биыл жас мұғалімдер санының көбейгені байқалады. Мектеп мұғалімдері арасында пәндер бойынша бастауыш сынып (849 адам), қазақ тілі мен әдебиеті (800 адам), ағылшын тілі (507 адам) және математика (433 адам) мұғалімдері басым.
Конкурсты өткізу жүйесін қосымша жаңартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, біз қатысушылардың кейбір деректерін автоматты түрде алу үшін ҰБДҚны (НОБД) АЖ-мен кеңірек интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ белгілі бір талаптарға сәйкес қажетті құжаттар қоса тіркелетін форматты-логикалық бақылау кең жиынтығын қосамыз. Себебі мұғалімдер 50-ден астам түрлі сертификатты жүктеген жағдайлар да болды.
Айтпақшы, желтоқсанда мұғалімдердің барлық жетістігі мен ақпараты орналастырылатын мұғалімнің цифрлы профилі пилоттық режимде іске қосылады.
Бос орындар конкурсына қатысу, аттестация үшін құжаттарды тапсыру, «Жыл мұғалімі» ретінде конкурстар, курстарға қатысуға сұраныс жасау қажет болады, ал кейін өтініш автоматты түрде қалыптасады. Барлық қолжетімді және қажетті деректер ҰБДҚ-дан, яғни Ұлттық білім беру деректер қорынан алынады. Профиль педагогтерге түрлі қызметтерді алуға көмектесетін бірыңғай жүйе болмақ.
Барлық әріптесімді жеңіспен тағы да құттықтағым келеді. Сіздерге жаңа жетістік, зор денсаулық және амандық тілеймін, -деп министр жылы лебізін қалдырды.