Мектеп ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілуі мүмкін

2 542

Фото: ашық дерек көзіАлматы мектептерінде оқушыларға берілетін тегін ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілуі мүмкін. Пилоттық жоба үш мектепте жүзеге асады, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жоба бастамашысы – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі. Білім мекемесі пилоттық жобаны «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырады. 


«Бүгінгі таңда зерттеу жүргізу үшін №135, №153, №201 үш мектеп таңдалды. Сонымен қатар, аталған мектеп оқушыларының ата-аналарынан рұқсат алынды. Мектептерде антропотологиялық зерттеу өткізілді. Оқушыларымен сауалнама жүргізілді, асхана қызметкерлері оқытылып, тексеріліп, салауатты тамақтануды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл – әзірге тек пилоттық жоба», - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.


Зерттеу жұмыстары 2024 жылдың мамырына дейін жалғасады. 


Бүгінде Алматыдағы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.