«Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

2 509

 «Dauletten» қайырымдылық қоры 2026–2027 оқу жылына әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі.
 Бағдарлама жоғары білім алуға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. 

 Грантқа Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2026–2027 оқу жылында бірінші курсқа ақылы негізде қабылданған, ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектігі бар студенттер үміткер бола алады.

 Әр студентке берілетін грант мөлшері бір академиялық жылға арналған оқу ақысына сәйкес белгіленеді. Бір студентке көрсетілетін қаржылай қолдау көлемі 1 млн теңгеден аспайды.

 Құжаттар 2026 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады.

 Қордың мәліметінше, бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

 Толық ақпарат пен өтініш беру тәртібі төмендегі сілтемеде:

https://dauletten.kz/zhobalar/bilim-beru-granttary

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.