«Мамандығым – Болашағым» жобасының эстафетасы өңірлерді аралауда
Қарағанды облысы «Мамандығым – Болашағым» жобасының эстафетасын қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өңірлік жоба кеңсесінің ашылуы өтті.
«Мамандығым – Болашағым» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті, ол мамандарды даярлау мәселесінде академиялық орта, орта білім беру жүйесі және жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Динамикалық дамып келе жатқан еңбек нарығы мамандарды белсенді оқытуды талап етеді, бұл студенттер үшін дағдылар мен құзыреттерге деген қажеттілікті болжауды және ерте кәсіптік бағдар беруді білдіреді.
Басқарма басшысы университетте ғылымды дамытып, жастарды ғылымға баулу, жоғары білімді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттігіне де тоқталды.
Жоба тобын және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аликулов Ербол Шымкентбаевич, білім басқармасы басшысының орынбасары Болкенбаев Азамат Тлеуович, «Мамандығым-Болашағым» бағдарламасының жобалық тобының жетекшісі Самғат Ермекбаев, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма төраға - ректоры профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы, Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының жобалық кеңсесінің өкілдері қарсы алды.
«Мамандығым-болашағым» жобалық кеңсесін ашу аясында университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша университет қызметкерлері аймақтық жобалық кеңсе командасына қосылып, Батыс Қазақстан облысының кадр қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеу жүргізеді.