Жаңа оқу жылынан бастап 1-сыныптар орыс тілі пәнін оқымайды
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады», - делінген хабарламада.
Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқиды.
«Шет тілі» пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.
«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», - деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.