Жаңа оқу жылынан бастап 1-сыныптар орыс тілі пәнін оқымайды

580

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


"Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады", - делінген хабарламада.



Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқиды.


"Шет тілі" пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.


"Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", - деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.