Асхат Аймағамбетов барша ұстазды қуантатын сүйінші хабарды айтты

2 505

Informburo.kz. Суретте: Асхат АймағамбетовМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жеке өмірі мен демалысына қатысты ойын ортаға салды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қоғам ұстазды тәулігіне 24 сағат бойы тек мұғалім ретінде қабылдамауы керек екенін айтқан.

Депутаттың сөзінше, мұғалімнің де жеке өмірі, демалуға және өзіне уақыт бөлуге құқығы бар. Ал қоғам осы қарапайым шындықты түсініп, қабылдайтын уақыт жеткен.

"Мұғалім 24 сағат бойы мұғалім емес. Осы қарапайым шындықты қабылдайтын уақыт жетті", – деп жазды Асхат Аймағамбетов Threads парақшасында.

Аймағамбетов сапалы білім беру ең алдымен ұстаздың жағдайына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, бақытты, тыныққан және өз өміріне көңілі толатын мұғалім ғана балаларға сапалы білім бере алады.

Депутат шаршаған әрі күйзеліске түскен ұстаздан жоғары нәтиже күту қиын екенін жеткізді. Сондықтан мұғалімнің демалысына, жеке кеңістігіне және психологиялық жай-күйіне құрметпен қарау білім сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе екенін айтқан.