Кентаулық оқушы Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған

2 526

Фото: Түркістан облысы әкімдігіКентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – әзірге еліміздегі ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айдос Хайроллаұлы Қожанов Кентаудағы Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейде 10 жыл білім алып, 11-сыныпта Грант мектебіне ауысқан.


Жігіт математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді екен.


Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11 сыныпты 32 306 оқушы бітірді. Оның 1727-сі "Алтын белгіге", 2466-сы "Үздік аттестатқа" үміткер.