Қызылордалық ұстаздар көше тазалағанына наразы

1 963
Қызылорда қаласындағы білім ошақтарының директорлары мен ұстаздары сабақ уақыттарында көше тазалауда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қала балабақшалары мен мектептеріндегі директорлар, тәрбиешілер, мұғалімдер оқу уақытында сыныптарындағы оқушылары мен сабақтарын тастап көше сыпыруға білек сыбана кірісіп кеткендей-ақ. Сонда министрдің педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салу туралы заңына кім қарсы шығып отыр? 

 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады, - деген болатын Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы.


Ал, жоғарыдан келген тапсырмаға наразылығын білдірген ұлағатты ұстаздарымыз көше тазалауға шақырғандығын 
әлеуметтік желіде жариялады. 

Мынау не мазақ? Барлық мектеп директорлары мен орынбасарларын жаппай жұмыс уақытында сенбілікке шығарып отыр. “Олжас” жанармай құю бекетінен бастап, шыны заводына дейінгі көше мен барлық үйлердің қабырғаларын әктеп, вороталарын бояп, үй иелеріне мазақ болып жүрміз. Педагог мәртебесі туралы заңымыз қайда қалды? Әр сенбі, жексенбі күндері  муғалімдер, мектеп директорлары мен орынбасарлары балаларының қасында болуы керек дегендері кайда? Біз балаларға білім береміз бе, әлде әркімнің үй жанын тазалап беру үшін жүрміз бе? Осы мәселені қарастырсаңыздар екен”,- дейді ашынған мұғалім.


Мемлекет басшысының «Шыны зауытының» шығарған өнімін, іске қосылғандығына көз жеткізу үшін облысымызға кезекті іс сапармен келетіндігі тілге тиек болғандай.

Бізді жаппай сенбілікке шақырып отыр. Тозығы шыққан үйлердің ауласын бояп, келбетін келістіруіміз керек екен. Тоқсан аяқталғанымен де, біз жоспарымыз бар, оқуда үлгермеген балаларымыз бар соларды қатарға қосу үшін еңбек етуіміз керек. Көше жинап әбірей таппайтынымыз анық,- дейді 20 жыл білім берген мұғалім Ақтолқын.

 
Ал, Қызылорда қалалық білім бөлімінің мамандары


Бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша тазалық айлығы өтуде, аталған шараларға педагогтер жұмылдырылмаған. Бұл мәселе тұрақты түрде бақылауда болады,- деді сала өкілдері. 
 

Балаларымызды білім нәрімен сусындататын ұлағатты  ұстаздарымызға көше сыпыртып, жұрттың есігін боятуға шығарып, заңға қарсы іс жасаған билік өкілдері жазадан тыс қалмаса игі еді…