Қостанай облысындағы мектептерде шахмат сабағы енгізілді

2 584

Фото: pixabay.comБиыл Қостанай облысындағы жиырма екі  мектепте шахмат пәні енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қостанайдағы 24-мектеп-гимназияның дене шынықтыру мұғалімі Мұрат Жоламанов үшін шахмат таңсық емес. Бұл ойын түрін бес жасынан үйреніп, талай дүбірлі жарыстарға қатысқан. Енді білген-түйгенін балаларға үйретіп жүр. 

 Мұрат Жоламанов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: - Шахматты үйретуге әр түрлі әдістемелер бар. Әрине ол бірінші сыныптарға арналған бөлек, жетістіктерге жеткен балаларға бөлек бағдарламалар бар. Балаларға түсінікті және бізге де түсінікті денгейде көрсетілген.

 Бұл мектепте екі жылдан бері шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Сондықтан оқу бағдарламасына биыл пән ретінде енгізілгенде еш қиындық болмаған. Қазір бірінші сыныпта оқитын 55 бала осы ойынның әліппесін игеріп жатыр. Оқу бөлмесінің жабдықталуы да өзгеше. Кішкентайлардың отырып, жатып ойнауына да мүмкіндік жасалған. Ата-аналар шахматпен айналысқаннан бері балалардың танымдық қабылеті артқандығын растап отыр.  

 Нағима Мұсабаева, Қостанай қаласының тұрғыны: - Менің балам Нұрия шахмат үйірмесіне бірінші сыныптан барып жүр. Ол қалалық, облыстық турнирлерге қатысты. Қалалық турирде бірінші орын алды. Менің байқауым, ол ой-қабілеті жақсарды. Оқуы да жақсарды. Кітапқа қызығушылығы пайда болды.

Ресми дерекке сүйенсек, облыс бойынша екі мыңнан астам бала тұрақты түрде шахматпен айналысады. Енді пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізілумен олардың қатары еселеп артуы тиіс-дейді сала мамандары.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.