Қазақстанда дебат турнирінің жеңімпаздарына гранттар берілді

469
ҚР Білім және ғылым министрлігі  дебат турнирлерінің жеңімпаздарына білім грантын берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дебат турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қомақты ақшалай сыйлықтар мен білім гранттарын алады. Биыл Қазақстанның 6 ЖОО 12 пікірсайысшы түлекке білім грантын берді.


Олар Қорқыт ата атындағы университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Х. Досмұхаметов атындағы Атырау университеті, Тұран университеті, Satbayev University және Нархоз университетінде оқуға грант алды. Сондай-ақ турнирлерге қатысқаны үшін жастар грамоталармен, кубоктармен және 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Білім және ғылым министрлігі дебат қозғалысын кеңінен насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда елімізде 120 944 адамды қамтитын 6 778 дебат клубы бар. Олардың арасында оқушылар да, студенттер де бар.