Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

2 531

Фото: Оқу-ағарту министрлігіБолгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім додасында оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты.


Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.


1-орын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;


2-орын: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;


2-орын: Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;


3-орын: Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;


3-орын: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;


3-орын: Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.


Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.


Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысу арқылы осы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалып, тәжірибе жинайтын болады.