Мектептерде Ashyq жобасы енгізіле ме
318
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев еліміздегі мектептер мен білім беру ұйымдарына Ashyq жобасы енгізіле ме, деген сауалға жауап берді.
Бұл сауал Жомарт Қарамбаевқа орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қойылды.
Оның сөзінше, бұл мәселе талқыланған.
"Бірақ әзірге жоспарда ғана бар. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Негізінен жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерде бұл жобаны енгізу жоспарланып отыр", - деді мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, Жомарт Қарамбаев елімізде жаңа оқу жылы қандай форматта басталады деген сауалға жауап берді.
Оның сөзінше, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Жомарт Қарамбаев тиісті шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім семлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітілетінін алға тартты. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын, деді ол.