Жатақханадан орын кімдерге бірінші беріледі?

2 507

Фото: ©ЖИ/Opennews.kzҚазақстанда ЖОО студенттеріне арналған 51 323 орындық 182 жатақхана пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.


Жатақханадағы орындарды бөлу кезінде әлеуметтік жағдайы ескеріледі:

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;

- мүгедектігі бар білім алушыларға;

- көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға;

- ауылдан келген студенттерге;

- «Серпін» жобасы бойынша білім алып жүргендерге;

- қандастарға және өзге де әлеуметтік осал санаттағы студенттерге беріледі      

Жатақханада тұратын жетім балаларға, I және II топтағы мүгедектігі бар және бала кезінен мүгедектігі бар студенттерге 29 АЕК-ке дейін өтемақы қарастырылған. Жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға байланысты мәселелерді жедел шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі ситуациялық және дағдарыс орталықтарын ашқан.
Ситуациялық орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында жұмыс істейді. Ол студенттерге жатақханалардағы бос орындар туралы ақпарат береді.  Жатақханаға қатысты мәселе туындаған студенттер өз жоғары оқу орнындағы ситуациялық орталыққа немесе өңірлік студенттік омбудсмендердің тікелей желісіне хабарласа алады.

Министрлік өкілдері студенттерді қиындықты өз бетінше шешуге тырыспай, жоғары оқу орнының әкімшілігіне, ситуациялық орталықтарға немесе студенттік омбудсмендерге жүгінуге шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.