Өскеменде инклюзивті білім беру орталығы ашылды

707

Фото:ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министріШығыс Қазақстан облысында инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қатысты, - деп хабаралйды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Dana Bala» инклюзивті білім беру орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ашылып отыр. Орталықта цифрлық, жаратылыстану-ғылыми, техникалық және гуманитарлық бейіндегі көпдеңгейлі қосымша білім беру бағдарламалары қамтылған.

Мұнда аппараттық психодиагностика және психокоррекция, сенсорлық интеграция және түзету, «Дарынды балалар» зертханалары және логопедтік кабинет жұмыс істейді.
Сонымен қатар оқу барысында балалар тірі және жансыз табиғатпен тәжірибе жасап, LEGO конструкцияларын жинайды. Орталықта шахмат және робототехника кабинеттері, «Мен әлемді жасаймын» мультистудиясы да бар.

«Маған «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығын салтанатты түрде ашу құрметі бұйырғанына қуаныштымын. Бірегей алаң ерекше балаларға қоғамда табысты бейімделуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.


Ол орталықтың жабдықталуын жоғары бағалады. Онда электроэнцефалография, полиграф, «МастерГраф» графикалық редакторы, «Дельфа», «Жайлау» компьютерлік сөйлеу тренажерлері және интерактивті логопедтік үстел бар.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.