Еліміздегі колледждер онлайн оқуға көшпек

2 336

Депутаттар еліміздегі колледждерді онлайн оқуға көшірмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәжіліс "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.


Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов аталған заң жобасының түпкілікті мақсатын түсіндіріп берді. Заң жобасын оқу-ағарту министрлігі дайындаған.


"Жоба үш мәселені қамтиды. Біріншіден, колледждер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден, қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімдері арқылы ашу. Үшіншіден, жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу", - деді депутат.


Асхат Аймағамбетов комитеттің тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын екенін жеткізді.


Мәжіліс депутаттары ұсынылған мәселеге қатысты қаулыға дауыс беріп, оң нәтиже шығарды. Қатысып отырған 91 депутаттың барлығы жақтап, дауыс берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.