«IQ-ORDA» республикалық интелектуалдық байқауы өтті

468
Қызылордада "IQ-ORDA" республикалық зияткерлік байқауы өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Жарысты Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов ашты.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет жастардың білімін арттыру және жаңа бастамаларды қолдау сияқты өзекті мәселелерден ешқашан шетте қалмайды. Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға үнемі тиісті тапсырмалар беріледі, осыған байланысты біз жастар саясаты мәселелеріне ерекше мән береміз. ХХІ ғасыр-білім, интеллектуалды адами капитал ғасыры. Барлық уақытта жастарға үлкен үміт артылды. Еліміздің зияткерлік, білімді жастарының барлық өкілдеріне сәттілік тілеймін, - деді Нұрымбет Аманұлы өз сөзінде.

Байқауға Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Алматы, Қызылорда қалаларынан және Қызылорда облысының барлық аудандарынан 20 үздік команда қатысты. 5 кезеңнен тұратын жарыстарда командалар қазақ және әлем әдебиеті, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, логика, кино және музыка бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І-орынды Қазалы ауданының "Қазалы" командасы (500 000 тг), ІІ-орынды Жалағаш ауданының "J – Team" командасы (300 000 тг), ІІІ-орынды Алматы қаласының "Әл-Фараби" командасы (200 000 тг) иеленді.



Арнайы номинациялар (50 000 тг) келесі командаларға берілді:


Атырау облысының "Бейбарыс сұлтан ұрпақтары", Ақтөбе облысының "Намысты елдің ұрпақтары", Жетісу облысының "7SU TEAM", Түркістан облысының "Тұран", Шығыс Қазақстан облысының "Алаш Орда" және Қармақшы ауданының "Qadam" және Қызылорда қаласының № 235 құрама мектебі "Көмекбай жастары" командалары иеленді.


Білімді, ізденімпаз, көпшіл және тапқыр ұлдар мен қыздарды қолдауға бағытталған байқау аймақтың зияткерлік жастарын біріктіретін бірегей жоба болды.