Оқушы қыз туған жердің исі аңқыған әтір ойлап тапты

2 592

Фото: Оқу-ағарту министрлігіАқмола облысы Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірге жусан исі аңқыған әтір шығарды. Әтірге "Елім-ай" деген атау берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ерекше әтір жасауға оқушы қызды Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы "Жусанда туған жердің иісі бар" деген қанатты сөз шабыттандырған екен. Альбина Айдарханова әтір жасау барысында қазақтың ежелгі шығу тегін зерделеген. 

Ол өз жұмысында табиғи ингредиенттерді пайдаланған. Парфюмерия жасауда негізгі өнім ретінде туған өлкенің қасиетті жұпарына айналған жусан қолданылыпты. 

"Біз үй жағдайында әтір жасау тәсілдерін зерттедік. Алған білімдерімізді практикада қолдану барысында жусанның сан түрін анықтадық. Егер әтірдің негізгі нотасы ретінде гүлдер қолданылса, біз оның орнына қарапайым жусанды таңдадық. 

Себебі оның тұнбасы тәбетті жақсартады, асқазан-ішек жолдарының қызметін нығайтады, жүйке жүйесін тыныштандырады, түрлі шаншу мен құрысуларды, ауырсынуды басады, тіпті тыныш ұйқыға септігін тигізеді", – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова. 

Хош иіс "Елім-ай" деп аталады. Жас өнертапқыштың айтуынша, әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншіліктен туған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.