Қазақстанда тағы 18 колледж жабылды

488
Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова соңғы жылдары елімізде колледждердің жабылу себебі неде екенін  түсіндіріп айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Соңғы жылдары республикамызда 18 колледж жабылды. Олар лицензияны қайтарып алу себебімен жабылған жоқ, оңтайландыру, профильдендіру мақсатында жабылды және негізінен бұл шара жеке колледждерге қатысты болды», деп түсіндірді Насымжан Оспанова.


Ол колледждерде білім беруді жақсартуға қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілгенін айтты. Бірінші кезекте, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде академиялық дербестік берілді, ол еңбек нарығының талаптарына жылдам, оңтайлы ден қоюды, Білім министрлігі көптеген жылдар бойы реттеп келген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан қалыс қалмауды көздейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.