Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстанда тегін оқи алады

2 543

Фото: ашық дерек көзіҚазақстандықтар Қытай мен Мажарстанның жетекші университеттерінде тегін білім ала алады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі және Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар жетекші университеттерде жоғары білім ала алады.


Мажарстан 2024-2025 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 250 грант ұсынады: бакалавриатқа 110 орын, магистратураға 90 орын, бакалавриат+магистратураға 30 орын, докторантураға 20 орын.

Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.


Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.