Шымкенттік оқушы әлемнің 47 университетінен шақырту алды

2 166

Фото: Шымкент қалалық білім басқармасыШымкенттегі  "Жалын" мектебінің 11-сынып түлегі Өмірбай Бергей - әлемнің 47 жоғары оқу орнынан "Қаржы" мамандығы бойынша ресми шақырту алған үздік түлек, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, шақырту жіберген жоғары оқу орындарының жалпы стипендиялық құны – 979 000 АҚШ долларын құрайды.

Мектеп түлегінің академиялық жетістіктері де айтарлықтай: IELTS – 6.5, SAT – 1290 балл. Оның сүйікті пәндері – математика мен ағылшын тілі. Бұл пәндер болашақ қаржы маманы ретінде логикалық және коммуникативтік дағдыларын шыңдауға көмектескен. Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін де меңгеріп, түрлі елдің мәдениетін тануға қызығушылық танытып келеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.