Оқушыларға кәсіби бағдар берудің ұлттық стандарты әзірленді

2 563

Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚазақстанда алғаш рет кәсіби бағдар беруге арналған бірыңғай әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған бұл нұсқаулық барлық мектептерге таратылып, 1–11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүйелі, бірізді және түсінікті форматқа көшіруді көздейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нұсқаулық оқушылардың қызығушылығын, еңбек нарығындағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып әзірленген. Ол оқушылардың жеке қабілеттерін тереңірек тануына, қазіргі еңбек нарығының талаптарын түсінуіне және болашақ мамандықты саналы таңдауға жол ашады.

Мұнда мамандармен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар, кәсіби сынамалар өткізу, практикалық тапсырмалар орындау қамтылған.

Нұсқаулықтың мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылық негіздерімен үйлестірілген. Бағдарламадағы негізгі қағидаттары — еңбекке құрмет, жеке жауапкершілік, адалдық, азаматтық белсенділік және қоғамға қызмет ету. Мектепішілік жобалар, волонтёрлік бастамалар, тәлімгерлік және кәсіби сынамалар арқылы оқушылардың бойында кәсіби этиканың базалық нормалары, еңбек мәдениеті, қауіпсіздік дағдылары және командалық жұмыс дағдылары қалыптасады.

Академия нұсқаулықты 1–4, 5–7, 8–9 және 10–11-сынып деңгейлерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жоспарлау және іске асыру үшін практикалық құрал ретінде пайдалану ұсынылады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.